русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 17.03.2024

Әрбіріміз ас үйдегі құбыр бітелгенде сантехник іздеп, желіні тазартуға тырысамыз. Сол тазарту кезінде құбырдан қатып қалған май бөліктері, қалдықтардың небірі шығады. Енді осы мәселенің қала көлемінде қаншалықты болатынын елестетіп көріңіз: күн сайын орталық кәріз желілеріне қандай мөлшерде май ағызылады, қалдықтар төгіледі.

Ирина Казаринова   "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС менеджері

"Коллекторлар майға толып кетеді, одан желінің өткізу деңгейі төмендейді – диаметрі азаяды деген сөз. Сондықтан қоғамдық тамақтану орындарында міндетті түрде май жинауға арналған жергілікті тазарту қондырғылары болуы керек және осы қызметке лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен оларды пайдалану бойынша келісім-шарты болуы тиіс".

 

Кәріздегі май желіні тазартудағы материалдық және басқа да ресурстық шығындармен қоса, қызмет көрсету барысында да көптеген проблемалар туғызады. Мысалы, қоғамдық тамақтану орындары орналасқан көпқабатты үйлердің тұрғындары да көп жағдайда зардап шегеді. Май желіні бітеп қалғанда жертөлелерді су басып қалады. Осы ретте "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі орталықтандырылған кәріз желісіне май төгу мәселесін шешу үшін тиісті шараларды көруде.

 

Дінмұхаммед Оңғар "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас заңгері

«Қазіргі уақытта Шымкентте 900-ге жуық қоғамдық тамақтану орындары жұмыс істейді. Оның 272-сінде май сүзгіштер орнатылмаған немесе тиісті режимде жұмыс істемейді. Осы қоғамдық тамақтану орындарының иелеріне "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС заң бөлімінің қызметкерлері жергілікті тазарту құрылғылары мен май сүзгіштерді орнату қажеттілігін үздіксіз ескертіп отырады. Себебі бұл - сарқынды су қабылдаудың техникалық шарттары мен ережелерінің негізгі талабы» болып табылады».

 

Жергілікті тазарту құрылғылары мен май сүзгіштерді орнату жөніндегі бұл талаптар орындалмаса, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі сумен қамту және су бұру қызметін толық немесе ішінара тоқтатуға құқылы. Сондай-ақ сотқа жүгіне алады және май сүзгіштерді сот тәртібімен орнату мәселесін шешеді.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары