Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 28.03.2024
Бөржар су жинақтағышына хлорелланың кезекті көлемі төгілді
Тазартылған ағынды су сақталатын Бөржар жинақтағышындағы
экологиялық ахуалды жақсарту үшін бір жасушалы микроорганизмдердің -
хлорелланың кезекті партиясы төгілді. Ол
Перопавловск қаласындағы су зерттеу жөніндегі ғылыми-техникалық орталықтың
зертханасында арнайы өсіріліп, біздегі жинақтағыштың жағдайына бейімделген
өнім.
Хлорелла - Жер бетінде 2,5 миллиард жылдан бері қолданыдатын
бір жасушалы жасыл микробалдыр. Бұл жасушалардың мөлшері бірнеше микрон ғана,
олар тез көбейеді - тәулігіне массасын 2-4 есеге дейін арттыра алады. Хлорелла
тіршілік ету ортасына оңай бейімделеді, ол қоректік заттардың көзі деуге де
болады – әр жасушада 650-ден астам микроэлементтер бар. Әлемде хлорелла
медицинада, косметологияда, мал шаруашылығында көп қолданылады: мысалы, жемшөп
қоспасы ретінде, өсімдіктерге арналған тыңайтқыштар, сондай-ақ ағынды суды
тазарту және су объектілерін биологиялық оңалтуда пайдаланылады.
Ал Бөржар көліне хлорелла осымен екінші рет төгіліп жатыр.
2022 жылдың желтоқсан айында, күздік егіс аяқталған кезде, тазартылған ағынды
суда хлорелла бөлетін оттегі мөлшерінің әр литр суда 9,5 – 10 миллиграмға дейін
көтерілгені анықталды. Ал балық өсіретін тоғандарда, мысалы форель өсіру үшін
тек 9 миллиграммы ғана жеткілікті.
Су қоймасында оттегінің көп болуы ағынды судағы зиянды
заттармен қоректенетін микроорганизмдердің қарқынды дамуына ықпал етеді. Бұл
- жағымсыз иісті болдырмайды жалпы
акваторияда да, оның айналасында да экологиялық жағдайды жақсартады. Суда
көптеген шаян тәрізді-дафнийлер бар және олар басқа балықтарға таптырмас жем.
2023 жылы осы тоғанға күміс тұқы, ақ амур және крестьян тұқы шабақтары
жіберілген болатын. 2024 жылдың маусым айында Бөржар су жинақтағышының
акваториясына балықтардың тағы бір партиясы жіберілмек.
барлық дауыс: 5151
дауыс мұрағаты