Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 15.04.2024
Бұл туралы ОКҚ-да өткен
брифингте Су ресурстары және ирригация Министрлігінің ресми өкілі Мөлдір
Әбдуалиева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Су ресурстары және
ирригация министрлігі тасқын суын өткізу және өзендердің деңгейін реттеу үшін
гидротехникалық құрылыстар мен су қоймаларының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету
іс-шараларын жалғастырып жатыр.
Еліміздегі су
қоймаларындағы жағдай келесідей:
Қостанай облысында су
тасқынының белсенді кезеңі аяқталып, су ағыны төмендеп жатыр. Аймақтағы екі ірі
су қоймасы орта есеппен 93%-ға толы. Жергілікті жерде министрліктің және облыс
әкімдігінің мамандары бірлесіп су өткізуді реттеу бойынша жұмысты жалғастыруда.
Солтүстік Қазақстан облысының екі ірі су қоймасы 100%-ға толды, судың арнасынан
шығуы жалғасуда. Есіл өзеніне жанама су ағынының қарқыны төмендеді. Батыс
Қазақстан облысында 4 ірі су қоймасы орта есеппен 67%-ға толды, олардың барлығы
штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр, - деді ол.
Ол барлық нысанда
тәулік бойы кезекшілік жалғасады, сондай-ақ су айдындарындағы ахуалға сағат
сайын мониторинг жасалатынын атап өтті.
Сондай-ақ, министрлік
мамандары тұрақты түрде объектілерді тексеріп, тасқын суын қауіпсіз өткізу,
өзен ағынын реттеу және еріген қар суын су қоймаларына жинау бойынша жұмыстарды
жеке қадағалайтындарын айта кеткен жөн, - деді спикер.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты