Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 17.04.2024
Сумен жабдықтау және су
бұру желілерінде, учаскелерде апаттық-қалпына келтіру жұмыстары кезінде бұзылған жолдарды қалпына келтіру "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-і басшылығының ерекше бақылауында.
Пайдалану қызметтерінің алдында нақты міндет тұр: жаңа жол төсемін төсеу
бойынша барлық қажетті техникалық талаптарды сақтай отырып, апаттардан кейін қысқа мерзімде асфальт төсеу. Бұл жұмыстарға жауап беретін арнайы қызметі күніне автомобиль жолдары мен жаяу
жүргіншілер тротуарларындағы жол жамылғысын қалпына келтіру бойынша 5-6
өтінімді пысықтайды.
"Желілерде
авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін біз бірінші кезеңде
асфальттауға дайындықты - фрезермен жүргіземіз, асфальттың біркелкі емес
учаскелерін кесеміз. Содан кейін желіммен өңдеу, қиыршық тасты тегістеу
жүргізіледі, содан кейін ғана ыстық асфальт төселеді, ол арнайы дірілдеткішпен
оралады", - деді қызмет бастығы Самат Қазкенов
Өткен тәулікте Гагарин,
Чехов, Жұмабеков, Хантәңірі, Жамауов, Алтынсарин,
Гастелло, Қарасу және Әлімбетов көшелеріндегі жолдар мен тротуарлар қалпына
келтірілді. Жол төсемін қалпына келтіруге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда,
+77081102121 (whatsapp) телефоны бойынша "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық
диспетчерлік қызметіне хабарласу қажет.
барлық дауыс: 5541
дауыс мұрағаты