Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 22.04.2024
Құрметті "Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС
тұтынушысы!
1) Сіздің үйіңізде тұратын тұрғындардың саны туралы
дұрыс деректерді енгізу үшін чат-боттың негізгі мәзірінен: "тұрғындар
саны" деген тұсты таңдаңыз.
2) Дербес деректерді өз еркіңізбен толтырғаныңыз
туралы Сізге келісім беріледі. Мұқият қарап шығыңыз және жалғастыру үшін –
"келісемін" деп, жалғастыру түймесін таңдаңыз.
3) Келесі кезекте - тұрғындардың санын бірыңғай
цифрмен енгізіп, "Жалғастыру" батырмасын таңдау арқылы мәліметтерді
енгізесіз.
4) Тұрғындар саны туралы деректерді растау үшін
қажетті құжаттарды тіркеңіз. Бұл - egov.kz порталынан алынған тұрғындардың саны
туралы ақпарат, және де, егер 14 жасқа дейінгі балалар тіркелмеген болса,
олардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері. Талап етілетін форматтар: jpg,
jpeg, png, pdf, xls, xlsx. Файлдарды "қағаз қыстырғыш"(скрепка)
белгісі бар батырманың көмегімен бекітуіңіз керек.
5) құжаттарды тіркеу аяқталғаннан кейін
"Аяқтау" батырмасын таңдаңыз. Тұрғындардың санын өзгерту үшін өтінім
модераторға жіберіледі.
6) өтінім тексерілгеннен кейін, сізге чат-бот арқылы
тексеру статусы туралы ақпарат жіберіледі.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты