Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 23.04.2024
Қаратөбе тас жолында
ескі кәріз коллекторы ауыстырылған учаскелерде асфальт төсеу басталды. Тозған
су бұру желілерін қайта жаңарту жұмыстарын
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС инвестициялық бағдарламасы шеңберінде жүргізуде.
Қапал батыр көшесі мен Қаратөбе тас жолында тозған коллектордың 4300 метрі
ауыстырылады. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС тапсырысы бойынша
жұмыстарды мердігер ұйым жүргізеді. Тапсырыс беруші қабылдауды, соның ішінде
жол төсемін қалпына келтіруді өте қатаң
бақылайды. Тұрғындардан кейбір учаскелерде жаңа жабын кесіліп
жатыр деген сұрақтар туындады.
"Жұмыс орнын
тексеру кезінде жолдың кейбір учаскелерінде асфальтталған жабынның сапасы бізді
қанағаттандырмады. Біз бұл жұмысты қабылдамадық, мердігер ұйым өз есебінен
асфальт төсеуді қайта жүргізді. Қайта құру біздің кәсіпорынның инвестициялық
бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді",-деді" Су
ресурстары-Маркетинг " ЖШС күрделі құрылыс және сатып алу бөлімінің
бастығы Самат Қалдыбеков.
Коллекторды жаңғырту 2023 жылы басталды. Ескі кәріз
желісі өткен ғасырдың 60-жылдарында салынған. Оның әбден тозығы жеткеніне байланысты бірнеше апатты жағдайлар орын алды. Жоғарыда аталған көшелердегі
жаңарту жұмыстарының аяқталуы
2024 жылдың соңына жоспарланған.
барлық дауыс: 5541
дауыс мұрағаты