Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 02.05.2024
Жоғарғы базар маңындағы Ақпан батыр көшесінде жұмыс жасайтын балық
сатушыларға жергілікті тазарту құрылыстарын орнатуға нұсқама берілді. "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не кәріз желісінен жағымсыз иіске шағымданған
осы көше тұрғынынан өтініш келіп түсті. Мұның себебі дренаждық желіге тасталған
балықтың қалдықтары болуы мүмкін. Айта кетейік, бұл желі кәсіпкерлердің
есебінен құрылған және олардың меншігінде болып табылады. Олар оның жұмыс
істеуі мен жарамдылығы үшін жауапты. Тексеру барысында сауда нүктесінде
жергілікті тазарту қондырғылары жоқ екендігі анықталды. Сатушылар балықты
тазалағаннан кейін қалдықтарды кәріз желілеріне жуып тастайды. Сынақ
зертханасының мамандары талдау жүргізу үшін сынама алды. Кәсіпкерлерге
жергілікті тазарту құрылыстарын орнатуға және қалалық кәріз желісіне ағынды
суларды қабылдау ережелерін бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді. Талдау
нәтижелерін алғаннан кейін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС тарапынан
әкімшілік шаралар қабылданатын болады. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері
санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты