Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 09.05.2024
Оған кәсіпорын қызметкерлері, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар
департаментінің өртке қарсы және құтқару қызметтерінің қызметкерлері
жұмылдырылды.
Нұрхан Қаракөзов, Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының
бастығы: «Бұл оқу-жаттығу мақсаты тұрғындарға жер сілкінісіне дайындық
жүргіземіз. Жер сілкінісіне дейін не істеу керек, жер сілкінісне дейін не істеу
керек. Өз-өзін қалай ұстау керек дағдыларын жетілдіріп, қауіпсіздік
мәдениеттілігін арттырамыз».
Жаттығу шарттары бойынша, жер сілкінісінен кейін кәсіпорын қызметкерлері
қауіпсіз жерге көшірілді. Шартты түрде жарақат алған жұмысшыларды құтқару
бөлімшесі эвакуациялады.
Болат Шегебаев, Азаматтық қорғаныс бөлімінің бас маманы: «Бүгінгі жаттығу
Төтенше жағдайлар департаментімен біргелесіп өткізілді. Осындай іс-шара бас
директордың жоспарымен бекітілген. Тиімділігі, енді қызметкерлерге жеткізу.
Техногендік жағдай болған кезде қандай іс-әрекет жасау, қауіпсіз орынға тұрып,
мүмкіндігінше сыртқа шығу».
ТЖД өкілдері "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметкерлеріне төтенше жағдай кезінде осындай іс – шаралардың өзектілігі туралы айтып берді, әркім не істеу керектігін және қайда бару керектігін білуі тиіс. Арнайы командалар зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуі, өрт және жер сілкінісінің басқа да салдарымен күресуі тиіс. Жаттығулар жоғары деңгейде өтті.
барлық дауыс: 5541
дауыс мұрағаты