Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 13.05.2024
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында Шымкентте су
құбыры және кәріз желілерін қайта жаңарту жүргізуде. Президентінің инженерлік
инфрақұрылымның тозығын азайту жөніндегі тапсырмаларын орындау қажет.
Әбдіразақов көшесінде кәріз желілеріндегі жұмыстар аяқталуда. Көпқабатты
сектордағы су бұру желілері әбден тозығы жеткен. Бұл жиі апаттық жағдайларға
әкеп соқтырады.
"Қазіргі
таңда Әбдіразақов көшесінде ескі кәріз желілері толуына байланысты біз жаңа
магистралды желі жүргіздік. Бұл жерде 350 метр диаметрі 300 миллиметр және 1050
метр 200 миллиметр болатын құбыр жаңартылды. Қазіргі уақытта жұмыстар 95% - ға
бітіп тұр. Материал-асбест. Қазір тексеріліп жатыр, жұмыстар біткен соң
абоненттерді жалғап, тапсырамыз ", - деді" Шебер -2 "
мердігерлік ұйымының аға маманы Жомарт Жақияұлы.
Тапсырыс
беруші "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС жаңартылған инфрақұрылымды
қабылдауда өте мұқият қарайды. Ол үшін озық әдістер қолданылады. Құбырлар
бейнекамералар арқылы зерттеледі. Сапасыз жүргізілген жұмыстар жағдайында
кемшіліктер дереу анықталып, мердігер кемшіліктерді жоятын болады.
"Қазіргі
мердігердің жұмысы бойынша 1400 метрін диаметрі 200 және 300 миллиметр болатын
жаңартылған кәріз желілерін камерамен жабдықталған құрылғылармен осы
құбырлардың бір-бірімен сәйкестендірілген жерлерін және құбырдың жағдайын
тексеріп жатырмыз"- деп, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС кәріз
желілеріне қызмет көрсету бөлімінің инженері Бағжан Бөрібеков айтып берді.
Бұл желі
сапасы тексергеннен кейін кәріз желілеріне қызмет көрсететін бөлімшеге
пайдалануға беріледі. Қазіргі уақытта "Су ресурстары-Маркетинг"
ЖШС-нің 19 су бұру объектісінде және 12 сумен жабдықтау объектісінде
реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.
барлық дауыс: 5532
дауыс мұрағаты