Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 14.05.2024
2024 жылғы 14 мамырда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған тұтынушыларды виртуалды
қабылдау өтті. Қала тұрғындары Департаменттің Facebook
әлеуметтік желісіндегі аккаунтында коммуналдық салаға қатысты сұрақтарын қоя
алады.
Іс-шараға коммуналдық
қызметтерді жеткізушілердің, қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдері қатысты,
модератор Шымкент қаласы бойынша басшысы Кенжеболат Көшекбаев болды.
Қоғамдық қабылдау
барысында Кенжеболат Көшекбаев Департаменттің тарифтік саясаты мен қызметі
туралы айтып берді. Ол әлеуметтік желілер арқылы тұтынушылармен белсенді жұмыс
істеуге, өзекті мәселелер бойынша сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге
шақырды. Тікелей эфир барысында модератор тұтынушылардан түскен бірнеше
сұрақтарға жауап берді.
Егер сізде "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметіне қатысты сұрақтарыңыз
болса, кәсіпорынның Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарына
хабарласуыңызды, сондай-ақ Whatsapp-қа жазуыңызды сұраймыз: +77057581111.
барлық дауыс: 5542
дауыс мұрағаты