Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 14.05.2024
Сумен жабдықтау және су
бұру желілерінде авариялық жұмыстар жүргізілгеннен кейін асфальт төсемді
қалпына келтіру "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС
басшылығының қатаң
бақылауында. Автомобиль жолдары мен жаяу жүргіншілер аймақтары қысқа мерзімде
ретке келтіріледі. Арнайы бөлімше бірінші кезеңде бүлінген учаскеге тас төсеп, тампондау жүргізіледі. Кейіннен асфальт
төсейді. Жол бойында орналасқан құдықтар да шетте қалмайды. Жоғарғы жабын мен люк
қақпағы шөгіп қалған жағдайда оларды кейіннен асфальттау арқылы қалпына келтіру
жұмыстары жүргізіледі. Барлығы жаяу жүргіншілер мен автокөлік иелеріне ыңғайлы
болу үшін жасалады. Соңғы екі күнде Отырар, Жамауов, Тәшенов, Мәделі Қожа,
Безделеев, Көлбаев және Циолковский көшелерінде жол жабыны қалпына келтірілді.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС инженерлік желілерін жөндеу кезінде
бұзылған асфальт төсемді қалпына келтіруге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда
диспетчерлік қызметке +77081102121 (whatsapp) телефоны бойынша хабарласуды
немесе кәсіпорынның әлеуметтік желілердегі аккаунттарына жазуды сұраймыз.
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты