Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 15.05.2024
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не Ташкент су арнасының өкілдері келді. Екі кәсіпорынның арасында ұзақ және берік достық бар. Жыл сайын екі елдің су саласының мамандары жинақталған тәжірибелерімен, өндірістік процестерге енгізілетін технологиялармен және инновациялардың нәтижелерімен бөліседі. Бұл жолы өзбекстандық әріптестерді Шымкент кәріз-тазарту құрылыстары кешенінің жұмысы қызықтырды. Тазарту кешені және "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС сынақ зертханасының жұмыс жөніндегі менеджері Ирина Казаринова кәсіпорын қонақтарын оң нәтиже берген жаңа технологиялармен таныстырды.
" Былтыр Сіздерде де тазарту кешенінде сасып кетті иіс шығып. Бізде де осы
проблеме бар. Бұл бүккіл СНГ елдерінде. Ағылшын әдісімен, бактериалармен
тазарту әдісін қолданып жатыр екен. Біз соны көріп шықтық. Былтыр көктемде
сасығанда Анекең шақырған. Келіп, көріп бер. Халық шулап жатқанын айтып. Келіп
көрдік жаңа. Тазарту кешенінде ешқандай иіс жоқ. Технология жақсы жұмыс жасап
жатыр.
Ташкент су арнасының бас технолог Донанбай Қозыбеков.
Ташкент су арнасының өкілдері Шымкент тазарту құрылыстары кешенінің
жұмысымен өте мұқият танысып, енгізілген барлық жаңалықтарға тәнті болды. Ташкентте
кәріз-тазарту құрылыстарының үш кешені жұмыс істейді, тәулігіне қайта өңделетін
сарқынды сулардың жалпы көлемі шамамен 900 мың текше метрді құрайды. Өзбекстан
астанасында 3 миллионға жуық адам тұрады және тұтынушылардың 93% - ы су бұру
қызметтеріне қосылған. Шымкентте бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен. Ташкенттегі
кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 3000 шақырымды құрайды, олардың тұрақты
жұмысын 60 кәріз-сорғы станциясы қамтамасыз етеді. Өзбекстандық мамандарды
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС жұмысына тағы не қызықтырды, біз ол жайында келесі материалда
айтып береміз.
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты