Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 16.05.2024
Өзбекстаннан келген
әріптестер "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-і
мамандарының
өз жұмыстарында
қолданатын цифрлық процестерге өте қызығушылық танытты. Біріншіден, бұл
геоақпараттық жүйе, соның арқасында гидродинамикалық процестерді басқару жүзеге
асырылады. Төтенше
жағдайлардың алдын алады және тағы басқалар. Оларды сондай-ақ, қамтамасыз ету бағдарламасы
қызықтырды. Оның көмегімен сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің күрделі
механизмі басқарылады.
"Біз Сіздердің "SKADA" жүйеңіздің жұмысымен таныстық.
Құбырлардағы гидродинамикалық процестерді қалай басқаратыныңызды білдік, су
бұру желілерінде жүргізілетін алдын алу жұмыстарына қарадық. Сіздің
іс-әрекетіңіз бойынша жалпы көрініс қалыптасты. Бұл өте пайдалы және тиімді
кездесу болды. Алдағы уақытта біз тек ынтымақтастығымызды нығайта береміз, бұл
біздің су арналарымызға пайда әкеледі", - деді Ташкент су арнасының бас
инженері Умиджан Меликов.
Өзбекстаннан келген қонақтарға "Ravion" телеинспекциялық жүйесін
қолдана отырып, су бұру желілерінде алдын алу жұмыстарын жүргізу процесі
көрсетілді, коллекторларды зерттегеннен кейін арнайы автомобильдердің көмегімен
желілерді жуу жүргізіледі. Олардың қуаты үлкен диаметрлі
құбырларды жууға жеткілікті. Ташкенттіктер өздерінің болашағы мен жаңалықтары
туралы айтты.
"Ташкент
маңында 2 миллион тұрғынға Янги – Ташкент спутнигін салу жоспарлануда. Онда
кәріздің жаңа түрі қолданылады – сұр және қара. Шаруашылық қажеттіліктерінде
пайдаланылған су сұр түске енеді, оны оңай тазалап, техникалық су ретінде қайта
пайдалануға болады", - деді Умиджан Меликов жоспарларымен бөлісті.
Шымкент мамандары
Өзбекстандағы әріптестерінен тәжірибе жинап, Ташкентте енгізу жоспарланып
отырған басқа да технологиялар туралы жаңалықтарды білді. Екі кәсіпорын
арасында тәжірибе алмасу жалғасады.
барлық дауыс: 5532
дауыс мұрағаты