русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 19.05.2024

Қазақстандағы сумен жабдықтау және су бұру саласы жас және білікті кадрларға мұқтаж. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығы бұл мәселені түсінеді және білікті мамандармен толықтыруды көздейді. Өткен аптада кәсіпорын өкілдері политехникалық және М. Өтебаев колледжінің студенттерімен кездесті. Жастарға «Су арнасына» қандай мамандарды қажет екенін, еңбек жағдайлары мен жұмыс перспективалары туралы айтылды.

 "Біздің келу себебіміз, экономикада қызмет ететін бірден-бір ірі кәсіпорын. Су саласында 26 жыл көлемінде жұмыс жасап кележатыр. Осы мекеменің тыныс-тіршілігімен Сіздерді таныстырп, өзіміздің қатарымызда көру мақсатымыз. Негізгі қызметіміз Шымкент қаласы, Сайрам ауданы және қалаға жаңа қосылған елдімекендерді 1 миллион 200 мыңнан астам адамды таза ауыз сумен қамтамасыз етіп, қызмет көрсету. Тұрғындар, әлеуметтік сала мекемелері, кәсіпкерлік салаларына таза ауыз суды беріп, олардың пайдаланған суларын шығарып, шайынды суларды тазартып, табиғатқа қайтару мекеменің негізгі міндеті.  

Су ресурстары-Маркетинг " ЖШС Бас директорының орынбасары Жанатбек Тұрдалиев.

Көптеген студенттерге оқу үшін таңдалған мамандық пен болашақ жұмысты біріктіру өзекті тақырып болып табылады. Толық ақпарат беретін әлеуетті жұмыс беруші сізді ойлануға және дұрыс таңдау жасауға мәжбүр етеді. Кездесуден кейін кейбір студенттер сумен жабдықтау және су бұру саласындағы болашақ жұмыс туралы ойлады.

00:41-1:18  Алнур Орынбасар, М.Өтебаев атындағы колледжінің студенті

Жалпы бұл кеңес өте зор болды деп айталам. Себебі, мен болашақта сонда кірем деген ой бар. Қазіргі видеоға қарағанда ол жерде бір емес бірнеше мамандықты ұйымдастырылған.  Ол жерде бір ғана су мамандары ғана емес айти, бухгалтер мамандары жұмыс жасайды. Сол себепті соларға жұмысқа кірем денег ой бар. Сондай –ақ, онда СМАРТ деген орталық бар екен. Тегін оқытып, білімді арттыратын. 

"Презентацияға қарап, өте маңызды екен. Менің мамандығым осы салаға қатысты. Болашақта Сіздерде жұмыс жасағым келеді.

Рафия, М.Өтебаев колледжінің студенті.

 

Айта кетейік, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де көптеген жас мамандар жұмыс істейді. Олардың көпшілігі көшбасшылық лауазымдарда және тамаша кәсіби перспективаларға ие. Әрине, таза ауыз сумен қамтамасыз етумен айналысу, алып шаһарда бұл әрбір азамат үшін жауапты және құрметті міндет!



«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары