русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 28.05.2024

Тазаланған шайынды судың ауылшаруашылығы саласында қолданысы артып келеді. 1000 гектардан астам жер суғарылуда. 16 шаруа қожалығы төрт түлікке жем-шөбін егіп, өсіруде. Смайыл Серікбаев су құбырлары қазылып, таран-таражға түсу салдарынан су жүйесі бұзылғанын айтады. Ерте көктемнен бастап, қайта қалыпына келтіруге ат салысып, суды игілігіне пайдаланып отырған дихандардың бірі.

Смайыл Серікбаев, дихан

«Қазіргі таңда Бөржар ауылдық округінің аумағында 800 гектар жер суғарылып жатыр. Шұбарсу ауыл округінде 200 гектар жер суғарылы жатыр. Құдайға шүкір, су арнасына рахмет. Анарбек Орман мырзаға рахмет. Халықққа жағдай жасалсын деп, суды тегін беріп жатыр. Бірақ біз суды шаруа қожалықтарына жеткізуге қолға лдық. Еркін Арысбаев міндетіне  алды». 

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің кәріз-тазарту қондырғысына тәулігіне 150 мың текше метр шайынды су қабылданады. Тазартылған су Бөржар жинақтаушысына жиналады. Тіршілік көзі егін маусымында шаруқожалықтарына жіберіледі.

Рүстембек Бекмұратов, Бөржар су жинақтаушы инженері

«Бөржар жинақтаушысының жобалық сиымдылығы 26 млн текшеметр. Жыл көлемінде 37 млн текшеметр су жинақтаймыз, өткіземіз. Біз ауылшаруашылық егіндерге шамамен 25-26 млн текшеметр су жеткізіп береміз. 7 ай егін уақытында сәуір айынан бастап, қыркүйекке дейін суды босатамыз».

Мегаполисте жұмыс істеп тұрған кәріз-тазарту қондырғысын қуатын арттыру жөніндегі жобаны іске асыру аяқталды. Тәулігіне 150 мың текше метр шайынды су тазартатын кешеннің қуаты 200 мыңға дейін өсті. Алдағы уақытта тазартылған шайынды су көлемі артады. Бұл өз кезегінде дихандардың алқабын кеңейтуге ықпал етеді.  

 


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары