Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 28.05.2024
Қаратөбе тас жолында аулаішілік кәріз желілерін қайта жаңарту аяқталуға
жақын. Бұл жұмыстар "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС инвестициялық
бағдарламасы аясында атқарылуда. Аудандағы желілерді жаңарту 2023 жылдың
қарашасында басталды.
Бақыт Сапарғалиұлы "БМ-Прогресс" ЖШС-нің инженері
«Қазіргі таңда Қаратөбе тас жолы көпқабатты 36-48 үйлердің арасындағы
аулалық кәріз құбырының ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Тапсырыс беруші «Су
ресурстары-Маркетинг» ЖШС. Жалпы сметалық құжаттама бойынша 1100 метр кәріз
құбыры ауыстырылуы керек. Бүгінгі таңда 700 метрі ауыстырылып қойды. Қалған 400
метр құбыр 2024 жылдың шілде айында аяқтау жоспарлануда».
Тапсырыс беруші тарапынан мердігер ұйымның жұмыстарының орындалу барысына
мұқият бақылау жүргізіледі. Ал қайта жаңартылған желіні пайдалануға берер
алдында оны телеинспекциялық жүйенің көмегімен пайдалану қызметі тексеретін
болады. Кемшіліктер немесе ақаулар анықталған жағдайда мердігер кемшіліктерді
жою бойынша қосымша жұмыстар жүргізетін болады.
Самат Қалдыбаев «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің күрделі құылыс және сатып алу бөлімінің басшысы
«Алдыңғы істеп тұрған кәріз жүйесі диаметрі 150 мм болған. Қазір мұны 200
мм-ге үлкейттік. Бұл өз кезегінде кәріз суларын өткізгіш қуатын арттыру
мақсатында жасалып жатыр. Кестеге сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып,
бітуде».
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС кәсіпорын балансындағы тозған су
құбырлары мен кәріз желілерін ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізеді. Осы
тақырып бойынша сұрақтар туындаған жағдайда кәсіпорынның әлеуметтік желілердегі
аккаунттарына немесе вацап-қа жазыңыздар:+77057581111.
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты