Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 30.05.2024
Қазақстан Республикасының сумен қамту саласының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес, суды есепке алу құралдары тексеру аралық
мерзімі орта есеппен 5 жыл сайын тексерілуі керек.
Жеке есептегішті тексеру мерзімін "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС чат-бот интерфейсіндегі "есептеу
құралдары" батырмасын басып білуге болады (сілтеме: wrm_bot). Егер мерзімі
аяқталса, сіз суды есептеу құралын тексеруге лицензиясы бар мекемеге(осы
қызметті жүргізуге аккредиттелген) өз атыңыздан өтініш бере аласыз. Сондай-ақ,
суды есептеу құралын тексеру туралы хабарламаны су құбыры шаруашылығы қызметін
есепке алу жөніндегі инспекторлар да тапсырады. Егер тұтынушы суды есептеу
құралын тексеру туралы хабарламаны елемейтін болса, онда ҚР Ұлттық экономика
министрлігі 2019 жылғы 24 маусымдағы бекіткен үлгілік шарттың 20-шы тармағына
сәйкес, "тексеру мерзімі өткен есептеу құралы техникалық талаптарға сәйкес
келмейтін құрал ретінде автоматты түрде коммерциялық есептен алынады", бұл
- су есептегіші жоқ дегенді білдіреді.
Мекеменің суды есептеу құралын тексеру немесе
ауыстыру жөніндегі техникалық талаптары орындалмаса, сумен қамту бойынша
көрсетілген қызмет ақысы мен көлемі Шымкент қаласы әкімінің 31.07.2023 ж. №
1895 қаулысына сәйкес, коммуналды қызметті тұтыну нормасы бойынша есептелетін
болады.
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты