Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 05.06.2024
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқасының
2024 жылғы 4 маусымдағы қаулысымен талапкердің "Су ресурстары -
Маркетинг" ЖШС апелляциялық шағымы толық көлемде қанағаттандырылды.
Сот Шымкент қаласындағы Теріскей шағынауданында орналасқан дүкенді бұзу
туралы жаңа шешім шығарды. Жауапқа тартылушыны мәжбүрлеп диаметрі 800 мм су
құбырының санитарлық-қорғау жолағы босатуы тиіс.
Сот талқылауы барысында дүкен ғимараты құбырдан 10 метрден аз қашықтықта,
яғни су құбырының қорғаныс жолағында тұрғызылғаны анықталды.
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары, су шаруашылығы ұйымының заңсыз
құрылыс жолымен су құбыры және кәріз желілерінің санитарлық-қорғау белдеуінде
авариялық және жөндеу жұмыстарын жүргізу құқығын шектеуге жол берілмейтінін
есте сақтаңыз!
барлық дауыс: 5224
дауыс мұрағаты