Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 06.06.2024
Ақтөбе су арнасының өкілдері - "Aqtobe su-energy group" АҚ
мамандары "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де болды. Сала өкілдері
Шымкентте ауыз суды залалсыздандыру қондырғысын қолдану тәжірибесімен танысты.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бірнеше жылдан бері "Grundfos"
автоматты қондырғысын қолданып келеді. Құрылғыны дат және неміс инженерлері бірлесіп
жасаған. Қондырғы жоғары сапалы, өнімділікпен және қауіпсіздікпен ерекшеленеді.
Оператор аспаптардың көрсеткіштерін қадағалап, арнайы су ыдысына қажетті
мөлшерде таблетка тұзын уақытында қосады. Осыдан кейін ерітінді электролиз
қондырғысына түседі. Содан кейін дайын өнім 5 тонналық резервуарларға жіберіледі.
Ауыз суға автоматты түрде қажетті натрий
гипохлориті қосылып, магистральды құбырға жіберіледі.
Әкімжан Смағұлов, "Aqtobe su-energy group" АҚ өкілі:
- Біздің келудегі мақсатымыз, Қазақстанның басқа қалаларындағы су араналарының жұмысымен танысып, тәжірибе алмасу. Ең бастысы суды залалсыздандыру. Оның әдісімен танысу. Шымкент су арнасы натрий гипохлоритін қолданады. Бізде залалсыздандыру сұйық хлормен. Оны сақтау, тасымалдау, сол аумақтағы адамдарға зиян болып есептеледі. Сол себептен біз қазір қауіпсіз натрий гипохлоритіне көшу мәселесіне қарастырып жатырмыз.
Ақтөбе кәсіпорнының өкілдері суды залалсыздандырудың осы әдісін қолдануда
бірқатар артықшылықтар бар екенін түсінді. Бұл қауіпсіз, ыңғайлы және ең
бастысы қаржылық тұрғыда тиімді. "Aqtobe su-energy group" АҚ қызметін
150 мыңға жуық абонент пайдаланады. Оның 137 мыңы жеке тұлғалар және 5 мыңнан астамы заңды
тұлғалар. Кәсіпорынның балансында 55 кәріз сорғы станциясы, 35 су қабылдағыш
және 30 мыңнан астам құдық бар.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты