Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 09.06.2024
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС су құбыры желілерінде жасырын
шығындарды анықтау кәсіпорын қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Судың жасырын ағуы күтпеген салдарға әкелуі
мүмкін. Кәсіпорынның қызметкерлері судың жоғалуын анықтау және алдын алу
бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Су арансы сумен жабдықтауда есепке алу
аспаптарымен жоғары қамтамасыз етілген. Су балансы деректерді беру
құрылғыларымен жабдықталған тоқсандық, көшелік және үйішілік су өлшегіштердің
көмегімен бақыланады. Бұл есептеу құралдарының көрсеткіштері судың жоғалуын
анықтаған кезде де қолданылады.
Бекжан Ешімбетов, Әл-Фараби аудандық су арнасының бастығы:
- Бүгін түнде су шығынын азайту және жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз.
Бұл жұмыстар барысы қадамдық өшіру арқылы жасалады. Тұрғындардың суды
пайдаланбайтын уақытында берілген учаскені 4 бөлікке бөліп, ысырмасын жабу
арқылы су өлшегіш құралындағы көрсеткішті ала отырып, қай бөлікте су көлемінің
шығынын біле отырып, артық су шығынын анықтаймыз. Сол бөлікті анықтаған соң,
диагностика бөлімін қоса сол жерге шу детекторы және логерлерді
пайдаланып, нақты орнын анықтап, сол жерде жұмыс жүргізетін боламыз.
Нақты мәліметтер кейінгі авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу
кезінде уақыт пен материалдық-техникалық ресурстарды айтарлықтай үнемдеуге
мүмкіндік береді. Ағып кету орнында қазба жұмыстары дәл жүргізіліп,
апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жаяу жүргіншілер мен автокөлік иелеріне
қолайсыздық туғызбай қысқа мерзімде жүргізілетін болады.
барлық дауыс: 5158
дауыс мұрағаты