Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 10.06.2024
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері “Су
ресурстары-Маркетинг” ЖШС-нің жұмысымен танысты. “Су ресурстары және суды
пайдалану” мамандығының студенттері оқу практикасын мекемемен түзілген
меморандум аясында су арнасының базасында өтеді. Жас мамандарға мекеменің
тыныс-тіршілігі таныстырылып, мұражайына да экскурсия ұйымдастырылды. Оларға
макетпен ауыз судың өндіріліп, тұтынушыға жеткізілгенге дейінгі толық процессі
таныстырылды. Сондай-ақ, Шымкентте тіршілік көзінің алғашқы тұтыну тарихы да
таныстырылды. Айта кетуі керек, су арнасы мен оқу орнының арасындағы кәсіптік
практиканы өткізу келісім шарты негізінде жас мамандардың оқу-тәжірибелік білім
алуы мекеменің базасында өтеді.
Ұлдана Болатбек, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің
студентті:
- Су ресурстары-Маркетингіне
келіп тұрмын. Біз бүгінгі экскурсиямызда судың тазаруын және де суды қайдан
алатынымызды және де химиялық, биологиялық тазарту жолдарын көрдік және де
бірнеше жылдар бұрын бізге судың қалай келуін, қандай өзендерден алғанымыз
жайында айтылды. Кәрізде қандай ірі заттар болатыны айтылды. Сондықтан біз суға
заттарды тастамай, тазалық сақтауымыз қажет.
барлық дауыс: 5688
дауыс мұрағаты