Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 11.06.2024
Нұрлыбаев көшесінде
(бұрынғы Пархоменко) су бұру желілерін жаңарту жұмыстары басталды. Пайдалану
қызметінің мәліметінше, осы көше бойымен өтіп, одан әрі Оңтүстік шағын ауданына кететін коллектордың әбден тозығы жеткен. Мұның салдары төтенше жағдайға алып келеді. Күрделі жөндеу аясында 12 маусымда "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС кәріз желілеріне қызмет көрсету бөлімінің
қызметкерлері жұмыстың бірінші кезеңіне кірісті. Коллекторды жаңарту
"құбырға құбыр" әдісімен жүргізіледі. Яғни, диаметрі 1000 миллиметр
болатын ескі желіге кіші диаметрлі құбыр салынады. Бұл әдіс бүкіл коллектор
бойында жол жамылғысын ашуды қажет етпейді, тек бір платформа дайындалады. Ол
арқылы құбыр орнатылады. Жалпы алғанда, 2024 жылдың тамыз айының соңына дейін
пайдалану қызметі Оңтүстік шағын ауданында тозған желінің 2200 қума метрін
жаңартуды жоспарлап отыр.
барлық дауыс: 5688
дауыс мұрағаты