Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 18.06.2024
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де "AMANAT" партиясы ұяшығының активі,
дилерлік учаскелердің басшылары және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім
өкілдерінің кездесуі өтті. Күн тәртібінде сумен жабдықтау және су бұру
қызметтерін тұтынушылар арасында өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын
жүргізу мәселесі тұрды.
Кәсіпорын
қызметкерлерінің әрқайсысы "Су ресурстары-Маркетинг"ЖШС қызметі
туралы ақпаратқа ие болуы тиіс. Бұл әсіресе су шаруашылығы қызметтерін есепке алу
жөніндегі инспекторларға қатысты. Бұл мамандар халықпен тікелей жұмыс істейді
және оларға жиі сұрақтар қойылады. Сондықтан дилерлік ұйымдардың басшыларына өз
қызметкерлері арасында тиісті жұмыс жүргізу міндеті қойылды. Олардың қызметтік
құзыреттерін арттыру, тұтынушылардың өтініштерімен жұмыс істеу регламентін және
жалпы білім деңгейін мұқият зерделеу. Қоғаммен байланыс бөлімі олар үшін
мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы "Су ресурстары-Маркетинг"
ЖШС-не келіп түсетін неғұрлым өзекті сұрақтарға жауаптар тізбесі бар арнайы
әдістеме әзірлейді.
Егер сізде "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметіне қатысты сұрақтарыңыз болса, оларды
кәсіпорынның әлеуметтік желілердегі аккаунттары және whatsapp: +77057581111
арқылы да қоя аласыз. Орталық диспетчерлік қызметтің телефоны: +77081102121;
321-274.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты