Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 19.06.2024
Астаналық автокөлік жуу орындары иелерінің айтуынша, олардың көпшілігі жаңа талапқа байланысты жабылып қалуы мүмкін. Себебі олар бір ай ішінде суды тазарту және қайта пайдалану үшін арнайы жабдықты орнатуға міндеттелген.
Әйтпесе, "Астана су Арнасы" хабарына қарағанда, су беру өшіріле бастайды екен. Ал автокөлік жуу орындарының иелері телеарна тілшілеріне мұндай жабдықты сатып алуға қалтасы көтермейтінін айтып отыр.
Сондай-ақ, олардың айтуынша, Қазақстанда мұндай құрылғы жеткіліксіз екен.
"Астана су Арнасы" өкілдері болса кем дегенде 50 автокөлік жуу орны талаптарды орындап қойғанын айтып отыр. Сонымен қатар олар су беру әлі тоқтамайды дейді.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.5%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.4%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.1%
барлық дауыс: 5194
дауыс мұрағаты