Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 25.06.2024
Нұрлыбаев көшесінде
(бұрынғы Пархоменко) су бұру желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған көше бойымен өтіп, одан әрі
Оңтүстік шағынауданына баратын құбыр
әбден тозығы жеткен. Бұл төтенше жағдайға әкелуі мүмкін. Күрделі
жөндеу аясында 500-ге жуық метр тозған желі ауыстырылды. Коллекторды жаңарту
"құбырдағы құбыр" әдісімен жүзеге асырылады. Диаметрі 1000 миллиметр
болатын ескі дренаждық желіге диаметрі кішірек құбыр енгізіледі. Бұл әдіс бүкіл
коллектор бойында жол жамылғысын ашуды қажет етпейді, тек бір алаң дайындалады,
ол арқылы құбырды монтаждау және жуу жүргізіледі. Жұмыстың бірінші кезеңі 12
маусымда басталды. Жалпы, 2024 жылдың тамыз айының соңына дейін "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС кәріз желілеріне қызмет көрсету бөлімінің
қызметкерлері Оңтүстік шағынауданында тозған желінің 2200 метрін жаңартуды
жоспарлап отыр.
барлық дауыс: 5164
дауыс мұрағаты