Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 02.07.2024
2024 жылғы 5
наурызда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша
департаменті ұйымдастырған тұтынушыларды Виртуалды қабылдау өтті. Қала
тұрғындары Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтында
коммуналдық салаға қатысты сұрақтарын қойды.
Іс-шараға
коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің, қоғамдық және саяси ұйымдардың
өкілдері қатысты, модератор Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы
Кенжеболат Көшекбаев болды.
Қоғамдық қабылдауды
өткізу барысында Кенжеболат Көшекбаев коммуналдық қызметтердің әлеуметтік
желілерде жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып, осы бағыттағы жұмысты
күшейтуге шақырды
"Су ресурстары-Маркетинг"
ЖШС қызметіне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, кәсіпорынның Facebook және
Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарына хабарласуыңызды, сондай-ақ
Whatsapp-қа: +77057581111 жазуыңызды сұраймыз.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты