Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 08.07.2024
Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні 2019 жылы Қазақстанның кәсіби мерекелерінің
күнтізбесіне енді. Су шаруашылығы қызметкерлері елдің су ресурстарын
пайдалануды есепке алумен, жоспарлаумен және басқарумен, оларды ластанудан және
сарқылудан қорғаумен, су шаруашылығы жүйелерін пайдаланумен айналысады. Олар
адамдардың күнделікті өмірінде, Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен
экономикасында үлкен рөл атқарады.
Кәсіби мерекеге орай "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметкерлерін
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігімен, Қазақстан су қауымдастығымен,
Түркістан облысы әкімдігімен және мәслихатымен, Шымкент қаласы мәслихатымен
және әкімдігімен, "AMANAT" партиясымен, Шымкент қаласы әкімдігінің
энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасымен, қалалық салалық
кәсіподақпен және "YNTYMAQ" кәсіподақ бірлестігімен құттықтады. Үлкен
ұжымды "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директоры Анарбек Орман мерекемен
құттықтады.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Қазақстандағы
сумен жабдықтау және су бұру саласындағы үздік кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын
елімізде бірінші болып озық технологияларды енгізеді және әріптестерімен жинақталған
тәжірибесімен бөліседі. Кәсіпорынның кәсіподақ ұйымы үлкен жұмыс атқаруда. Оны
Гүлнұр Сүйіндікова басқарады.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС ұжымы су шаруашылығы саласының
қызметкерлерін кәсіби мерекелесімен құттықтайды! Әріптестерімізге зор денсаулық
пен амандық, игі еңбекте табыс тілейміз!
барлық дауыс: 5164
дауыс мұрағаты