Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 09.07.2024
Күн сайын кәсіпорын
басшылығы қойған міндетті орындау бойынша жұмыстар жүргізуде. Қысқа мерзімде сумен жабдықтау және су бұру
желілерінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін
асфальтталған жабынды қалпына келтіру басты міндеттің бірі. Жұмыстар құрылыс
нормалары мен ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Апатты қалпына
келтіргеннен кейін, дүйсенбіде 8 шілдеде Жас Ұлан, Бірімжанов, Бөгенбай батыр,
Жандосов, Темірлан, Демьян Бедного көшелерінде дайындық жұмыстары жүргізілді. 9
шілдеде пайдалану қызметі асфальт төсеу жұмыстарын бастады. Жол жабыны қалпына
келтірілді.
Егер сізде жол
төсемін қалпына келтіруге қатысты сұрақтарыңыз болса, әлеуметтік желілердегі
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС аккаунттарына хабарласуға немесе
орталық диспетчерлік қызметке +77081102121, 321-274 нөмірлері бойынша қоңырау
шалуға болады.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты