Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 10.07.2024
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан
Нұржігітов Иранның Энергетика министрі Әли Акбар Мехрабианмен кездесті.
Тараптар жаңа гидротехникалық нысандардың құрылысын және суармалы су шығынын
азайту мәселесін талқылады.
Әли Акбар Мехрабиан ирандық компаниялар Орталық
Азияда, атап айтқанда Қазақстанда әлемдегі ең ірі бөгеттердің бірі саналатын –
«Бахтиари» ГЭС-ке ұқсас ауқымды жобаларды іске асыруға ниетті екенін айтты.
Сондай-ақ, министр Иран суармалы суды тасымалдаудың заманауи технологияларын
ұсынуға дайын екенін және бұл булану себебінен болатын шығындарды едәуір
азайтуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
Нұржан Нұржігітов өз кезегінде мұндай жобалар
Қазақстанның оңтүстік өңірлері – Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары
үшін қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, Су ресурстары және ирригация министрі
ирандық компанияларды келіссөздер жүргізу үшін Қазақстанға шақырды.
барлық дауыс: 5587
дауыс мұрағаты