русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 17.07.2024

Қапал батыр көшесінде жаңа кәріз коллекторын салу жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік инфрақұрылымды қайта құру "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында жүргізуде. Мақсат, кәріз желісінің тозуын азайту. Қапал батыр көшесі мен Қаратөбе тас жолымен өтетін коллектордың әбден тозығы жеткен. Бұл жиі апатты жағдайларға әкеп соқтырды. Қаратөбе тас жолындағы жұмыстар 2023 жылы басталды. Қазір жаңа асфальтталған жабын төселді. Мердігер ұйымның қызметкерлері Қапал батыр көшесінде диаметрі 800 миллиметр болатын 40 метр бетон құбырларын салады.

Есенәлі Мейрманов, учаске бастығы:

– Қазіргі таңда Қапал батыр көшесінде 800-дік коллектордың 2400 метрін бітіріп қойдық. 2000 метр қалып тұр. Қазіргі таңда көріп тұрғаныңыздай сапалы асфальттау үшін топырақты қайта толтыру және кейіннен тампондау жұмыстары жүргізілуде.

Жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін құбырды қажетті тереңдікке салғаннан кейін бірден қазылған топырақпен траншея толтырылады. Жақсы басылу үшін топыраққа су құйылады. Содан кейін қиыршық тас төсемі салынып, тегістеу жүргізіледі. Дегенмен, біз жүргізушілерден құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан көше бойында жүргенде сақ болуды сұраймыз. Жол төсемін қалпына келтірумен сапалы асфальттауды орындауға кепілдік беретін арнайы мекеме айналысады.
Жаңартылған коллекторға индустриялық аймақтан келетін өнеркәсіптік ағынды суларды қайта бағыттау жоспарлануда. Бұл Клара Цеткин көшесінің тұрғындарының мәселесін шешуі керек. Қапал батыр көшесі мен Қаратөбе тас жолындағы кәріз коллекторын қайта жаңарту жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары