Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 18.07.2024
Су бұру желілерінде жоспарлы алдын алу жұмыстарын жүргізу кезінде
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС кәріз желілеріне қызмет көрсету жөніндегі
қызметкерлері Түркістан көшесі бойымен өтетін диаметрі 600 миллиметр
коллекторға қоқыс тастау фактілерін анықтады. Дренаж желісінен алынған заттар
коллектордың бітелуіне, тығынның пайда болуына және ағынды сулардың бетіне
төгілуіне әкелуі мүмкін. Осылайша, инженерлік инфрақұрылымға зиян келтіріледі,
тұрғын үйлерді ағынды сулармен су басуы мүмкін. Сонымен қатар санитарлық жағдай бұзылады.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі
су бұру қызметтерін тұтынушыларға "Қазақстан Республикасының сарқынды
суларын қабылдау қағидаларын"сақтау қажеттігін еске салады. Бұзушылық
фактілері анықталған жағдайда, кәсіпорын әкімшілігі тарапынан жосықсыз
тұтынушыларға қатысты су бұру қызметтерінен ажыратуға дейін тиісті шаралар қабылданатын
болады!
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты