русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 24.07.2024

Клара Цеткин көшесінің тұрғындары кәріз коллекторының жағымсыз иісіне шағымданды. Ауа құрамында зиянды заттардың асып кетуін көрсетті.

Себепті анықтау үшін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандары бірқатар арнайы іс-шаралар өткізді. Сынақ зертханасының өкілдері бірнеше кәсіпорындардың құбырларынан ағынды суларынан сынамаларын алды. Екі өндірістік мекеменің ағынды суларында зиянды заттардың шекті концентрациясының көрсеткіші белгіленген нормалардан жоғары болды. Мекемелердің иелеріне анықталған оқылықтарды шұғыл жою қажеттілігі туралы хабарламалар берілді. Алайда, белгіленген мерзімде зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының жоғарылауы жойылған жоқ. Нәтижесінде екі ұйым су бұру қызметтерінен ажыратылды.

Өнеркәсіптік ағынды суларда зиянды заттардың рұқсат етілген концентрациясынан асып кетсе, инженерлік инфрақұрылымға зиян келтіреді. Жағымсыз иіс қала тұрғындарына қолайсыздық тудырады. Бұдан басқа тазарту құрылыстары кешенінде ағынды суларды биологиялық тазарту жүзеге асырылатын бактерияларға зиян келтіріледі.

Екі мекемені ажыратқаннан кейін зертхана мамандары қайтадан ауа сынамаларын алды. Бастапқы талдау қабылданған шаралардың тиімді екенін көрсетті.

Жанна Маратбекқызы, зертхана маманы:

- Біз Клара Цеткинаны қазір екі жерде өлшеп жатырмыз. Біз 119 және 137 үйлердің жанындағы құдықтарды тексереміз. Аумақта күкіртті сутегі мен аммиак ПДК-дан аспады. Бәрі жақсы.

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі өнеркәсіптік ұйымдардың иелеріне сарқынды суларды қабылдау ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Кәсіпорын мамандары орталықтандырылған кәріз желісіне ағызылатын өнеркәсіптік сарқынды сулардың сапасына тұрақты мониторинг жүргізеді. Зиянды заттардың асып кетуі анықталған жағдайда, ережелерді бұзушыға су бұру және сумен жабдықтау қызметтерінен ажыратылғанға дейін қатаң шаралар қолданылатын болады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары