Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 30.07.2024
Шымкенттің ауыз су тарифі Қазақстан бойынша ең арзан қалалардың бірі.
Нақтырақ айтсақ 10-орында. 1 литр судың құны 9 тиын. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС
25 жылдан бері халыққа қызмет көрсетіп келеді. Компания автоматтандыру мен жаңа
технология және цифрландыруды енгізуде тек елімізде ғана емес, бүтін Орта
Азияда алдыңғы қатардағы мекеме. Оның дәлелі ретінде 2024 жылдың алғашқы
жартысында Қазақстан Республикасының қалалары бойынша су құбыры-кәріз
шаруашылығы кәсіпорындарындағы халық пен қызметкерлер санына салыстырмалы талдау жүргізілді. Нәтижесінде 500
мыңнан астам халқы бар Қарағанды қаласына 1800 ден асатам адам қызмет көрсетсе,
одан екі есе халқы көп Шымкентке 1 мың
адам қызмет көрсетеді. Соған қарамастан атқарылып жатқан жұмыстар өте ауқымды.
Анарбек Орман, «Су ресурстары-Маркетинг»ЖШС Бас директоры:
-
Біз
енді осы кезеңде 13 жыл болды Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен жұмыс
жасап кележатырмыз. Өйткені тозығы жеткен инженерлік инфрақұрылымдарды, су және
канализация жүйелерін бірден ауыстыруға қаржы жетпейді. Сол үшін 30 жыл
көлеміне несие алғанбыз. 60 млн. Евро алдық. Қазіргі таңда қайтқаны 40 млн. Біз
жылдан-жылға инвестиция салып, реттеп кележатырмыз. Әлде де болса проблема
шешілді, бәрі жақсы деп айталмаймыз. Кемшілік жетерлік. Мысалы үшін 68% су саласында 60% түсіруге қол жеткіздік. Канализация
саласында 79% дан 75% ке.
Шымкент қаласында 5
мыңнан астам шақырым су құбырлары бар. Тозығы жеткен құбырларды кезеңімен
ауыстырып, халыққа сапалы тіршілік нәрін үйлестіруде компанияның басты мақсаты.
Су сапасы стандарт талабына сай болуы үнемі бақылауда. Су тарату жүйелерінен күнделіті
зертхана мамандары судан сынама алып, бактериялық және химялық құрамын 10
көрсеткіш бойынша зерттеп отырады.
Өрт сөндірушілерге қолайлы болып, қақпағы ашылып қалып, тұрғындардың
өміріне қауіптің алдын алуда арнайы гидранттар еуропалық
стандарт бойынша жер бетіне шығарылуда.
Қоғамдық
ұйым, үй төрағалары мен төрайымдары қатысуымен өткен есеп соңында мекеме
басшысына бірнеше өзекті сұрақтар қойылды. Анарбек Оңғарұлы әрқайссына нақты
жауабын берді. Жиынға қатысушылар мекеменің перспективалық жұмыстарымен
танысып, атқарылған жұмыстарға өз пікірлерін білдірді.
Жаңабаев Нұркөз, өңірлік комиссия мүшесі:
Қазір қаланың территориясы 3 есе
үлкейді. Халқының саны 3-3,5 есе өсті. Соған қарамай су толық беріліп отыр.
Қаланың әр точкасына. 37 гектармен 137 гектардың арасы үлкен ғой. Соған қарамай
су бәріне беріліп отыр. Ол деген үлкен еңбек. Осы ұжымның еңбегі. Осы ұжымның
бас директорының еңбегі. Кім не десе о десін.
Анекең айтып отыр ғой жаңа Астана қаласының әкімі шақырып, мына мәселені
қалай шешеміз деп, ақылдасып отыр. Ол аз десеңіз Москвадан келіп отыр. Ол деген
сөз, баяғы СНГ-де біздің водоканал ең мықты. Бағалай білуіміз керек. Бұл
недеген үлкен еңбек. Мен соны айтайын деген едім. Бұл ұжымның еңбегі. Осы
ұжымның басшысының еңбегі. Анеке, Сіздерге рақымет. Ұжымға рахмет. Осындай
тірліктерді күні-түні істеп, осы суды толық беріп жатқандарыңызға.
Мегаполис тұрғындары үшін маңызды саналатын нысанның жұмысы бүгінгі күні
бекітілген жоспарға сәйкес орындалып келеді.
Мекеме басшысы жиынды қорытындылай келе 2024-2026 жылдарға арналған
жоспарлар мен бектіліген қаржысын меңгеруге байланысты бірқатар жұмыстарды
түсіндіріп өтті.
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты