русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 07.08.2024

17- шағынауданда сумен жабдықтау желілерін қайта құру басталды. Жаңғырту "Су-ресурстары Маркетинг"ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында атқарылады. Су құбыры шағынауданның құрылысында, яғни шамамен 50 жыл бұрын салынған. Осы уақыт ішінде құбырлар тозып, нәтижесінде көптеген апаттар орын алды. Қайта құру жұмыстары барысында бір жарым мың метрден астам су құбыры желілерін ауыстыру жоспарлануда..

Абылай Тілепов, шебер:

- 160-тық труба қазып жатырмыз кәзір. Қолмен қазылатыны 900 метрдей. Қазір сондай жұмыс атқарылып жатыр. Негізі 1650 метрдей. Ескі трубаларды ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр.
Қалдарбек Әмірбеков үйлер пайдалануға берілген сәттен бастап осында тұрады. Ақсақалдың айтуынша, үйлер 1976 жылы салынған. Ал металл құбырлардың қызмет ету мерзімі 20-30 жыл. Жиі апаттық жағдайлар шағын аудан тұрғындарының наразылығын тудырады.

Қалдарбек Әмірбеков, 17 шағынаудан тұрғыны:

- Қайта-қайта жарылатын. Бізге керегі осы. Ризамыз жігіттерге. Уақытылы істеп жатыр. Жігіттердің жұмыстары ауыр. Күн ыстықта істеп жатыр уақтылы. Шаңғытпай, жақсы қызмет қып жатыр. Жақсылап істеп, көміп кетсе болды бізге.
Сумен жабдықтау желілерін ауыстыру үш ай ішінде аяқтау жоспарлануда. Жаңғырту аясында 17-шағынаудандағы аллеяның суару жүйесі де ауыстырылады.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары