Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 08.08.2024
2024 жылғы 6 тамыз күні ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті кезекті рет онлайн форматта тұтынушыларды қабылдау сағатын өткізді. Қала тұрғындары Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтында коммуналды салаға қатысты сұрақтарын қойды.
Қабылдауға коммуналды қызмет түрлерін жеткізуші мекемелердің, қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдері қатысты, модератор Шымкент қаласы бойынша ТМРКД басшысы Кенжеболат Көшекбаев болды.
Департамент басшысы коммуналдық қызмет көрсетуші кәсіпорындардың әлеуметтік желілер арқылы жүргізетін жұмыстары туралы айтты. Бұл бағыттағы жұмысты күшейту керектігін ескертті. Тікелей эфир барысында модератор тұтынушылардан түскен бірнеше сұрақтарға жауап берді.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметіне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, кәсіпорынның Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарына хабарласуыңызға болады, сондай-ақ Whatsapp-қа: +77057581111 нөміріне жазуыңызды сұраймыз.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
41.0%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты