Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 14.08.2024
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан
Нұржігітов Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті
Елшісі Дэниел Розенблюммен және Орталық Азиядағы USAID Экономикалық даму
өңірлік кеңсесінің директоры Лаура Чизмомен кездесті. Тараптар су саласының
түрлі бағыттары бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация
министрлігі АҚШ Геологиялық қызметімен (USGS) жерасты суларын барлау және
зерттеу саласында ынтымақтастық мәселелері бойынша бірнеше кездесу өткізгенін
айтты. Бүгінгі таңда тараптар ынтымақтастық туралы келісімге келді және министрлік
меморандум дайындап, келісу үшін USGS-ке жіберді.
Елші өз кезегінде америкалық тарап су тасқынының
алдын алу және жедел ден қою, оның салдарымен күресу мәселесінде қолдау
көрсетуге дайын екенін атап өтті. Мәселен, елімізге АҚШ сарапшыларын шақыру
арқылы қолдау көрсетуге ниетті.
Нұржан Нұржігітов қазақстандық су шаруашылығы
мамандарының біліктілігін арттыру мәселесіне жеке тоқталды. Елші мен USAID
өкілдері отандық кадрларды оқытуға болатын түрлі халықаралық бағдарламалар
туралы айтып берді.
барлық дауыс: 5158
дауыс мұрағаты