Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 16.08.2024
Шымкенттің сумен
жабдықтау желілерінде тоқсандық, көшелік және жалпы үй желілеріндегі шығынды
бақылайтын бес мыңнан астам суды есепке алу аспаптары орнатылған. Су
есептегіштері қашықтықтан деректерді беру құрылғыларымен жабдықталған. Таратушы
құрылғылардан алынған мәліметтер "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС
автоматты басқару жүйелерінің биллингтік базасына түседі.
Қазіргі уақытта
кәсіпорынның бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бөлімінің мамандары радио
толқындар арқылы сигнал беретін және қуат көздеріне тәуелді таратқыш
құрылғыларды қазіргі заманғы модельге ауыстыруда. Жаңа "Хронос"
құрылғылары ұялы байланыс арқылы су шығыны туралы деректерді жібереді. Оларда автономды қуат бар – батарея 5 жыл
жұмыс істеуге арналған. Құрылғының корпусы электрониканы ылғал мен таттан жақсы қорғайды. Әзірге осы типтегі 600 таратқыш құрылғы орнатылады.
Құрылғылар су балансын бақылауда маңызды рөл атқарады. Келіп түскен деректерді талдау кезінде жасырын ағып кетуді анықтауға және мәселені жедел жою үшін шаралар қабылдауға болады. Сонымен қатар, таратқыш құрылғылардан көрсеткішті алу кезінде адам факторынсыз жүзеге асады. Бұл ресурстар мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Айта кетейік, Шымкент кәсіпорны Қазақстанда алғашқылардың бірі болып осындай үлгідегі таратқыш құрылғыларды пайдалануға енгізуде.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты