Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 20.08.2024
Исатай Тайманұлы
көшесінде су бұру желілерін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Аталған көшеден Оңтүстік
шағынауданына өткен
коллектордың
әбден тозығы жеткен. Бұл төтенше жағдайға әкелуі мүмкін.
Күрделі жөндеу жұмыстары
аясында желінің 1700 метрі ауыстырылды. Коллекторды жаңарту "құбырдағы құбыр" әдісімен
жүзеге асырылады. Диаметрі 1000
миллиметр болатын ескі дренаждық желіге, диаметрі кішірек құбыр енгізіледі. Бұл
әдіс бүкіл коллектор бойында жол жамылғысын қазуды қажет етпейді. Бір
көлемі қазылып, сол жерден құбырды
монтаждау және жуу жүргізіледі. Жұмыстың алғашқы кезеңі 12 маусымда басталды.
2024 жылдың тамыз айының соңына дейін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС
кәріз желілеріне қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері Оңтүстік шағын
ауданында тозған желінің 2300 метрін жаңартуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта
жұмыс Нұрлыбаев, МПС және Деповская көшелерінде аяқталды.
барлық дауыс: 5541
дауыс мұрағаты