Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 21.08.2024
Тазартылған сарқынды сулар сақталатын Бөржар жинақтағышының айналасындағы
экологиялық жағдай жақсаруда. Тоғанға хлорелланың жаңа партиясы құйылды.
Петропавл су зерттеу ғылыми-техникалық орталығынан Шымкентке 920 литр арнайы
сұйықтық жеткізілді. Бұл 2024 жылдың басынан бастап өсірілген
микроорганизмдердің 4 партиясы.
Хлорелла-тазартылған ағынды сулардағы қалдық зиянды заттарды жоятын
микроорганизм. Бұл оттегінің көп мөлшерін бөледі. Сонымен қатар, хлорелла балықтардың
қорегі толып табылатын әртүрлі шаян тәрізділер үшін жақсы азық. Өткен жылы, Бөржар
жинақтағышына ақ амур және крестьян тұқымының шабақтары жібергілді. Балықтардың
тіршілігі үшін тазартылған ағынды сулар қолайлы болуда. Балықтар ағынды сулардың
тазалығының нәтижесі. Егер олар улы болса, бірден қырылып қалар еді.
Жүйелі іс-шаралардың арқасында "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС
әкімшілігі тазарту құрылыстары кешені мен Бөржар жинақтағышының айналасындағы
экологиялық жағдайды жақсартуда. Жақын маңдағы тұрғын үй алаптарының
тұрғындарына жайлылықты қамтамасыз ету үшін қомақты қаражат жұмсалалуда.
Ағынды суларды тазартуда жағымсыз иісті жою үшін қымбат компоненттер
қолданылады. Мысалы, Айдро өнімі, түрлі биологиялық қоспалар және хлорелла.
барлық дауыс: 5532
дауыс мұрағаты