Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 22.08.2024
Су құбыры желілерінің тозу деңгейін төмендету үшін "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар
жүргізілуде. Өндірістік көшесінде су құбыры желісі жаңартылуда. Мұнда құбыр 40
жыл бұрын салынған. Сонымен қатар, металл құбырлардың қызмет ету мерзімі 30
жыл. Жүйенің тозуы апаттың жоғарлауы және ауыз судың сапасына әсер етеді. Қайта
құру жұмыстарын жүргізу "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС күрделі құрылыс
бөлімінің қатаң бақылауында.
Есенғали Тлепов, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС күрделі құрылыс бөлімі
басшысының орынбасары:
-
Жалпы
бұл көшедегі тартылатын құбыр ұзындығы 1735 метр. Қазіргі таңда орындалып
жатқаны 500 метр. Барлық труба полиэтилен төселуде. Жобаға сәйкес емес жерлерде
барлық коммуникациядан еш кедергісіз өтуде. Құрылыс барысында фасонды бөліктер
жиналуда.
Тозған құбырларды ауыстыру Тельман бөлімшесіндегі Худайберген ата көшесінде
де жүргізілуде. Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге қолайсыздық туғызбау үшін желі
көлденең бұрғылау әдісімен жүргізілді. Яғни, асфальт жабыны бұзылмайды.
Құбырлар әр 60-70 метр сайын қазылған жерлемен өткізіледі.
Есенғали Тлепов, «Су
ресурстары-Маркетинг» ЖШС күрделі құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:
-
Қазіргі
таңда 560 метр 160-тық полиэтилендік труба ауыстырылуда. Қазіргі кезде 560 метр
труба түгелімен ауысты. 6 жерден құдықшалар қойылып, ішіндегі фасондық бөліктер
орнатылып жатыр.
Жаңартылған желілерді іске қоспас бұрын оларды пайдалану қызметтерінің
қызметкерлері тексереді. Гидравликалық сынақтар жүргізіледі, содан кейін ғана
жаңа желілер арқылы ауыз су өтеді.
барлық дауыс: 5696
дауыс мұрағаты