Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 03.09.2024
Қасым-Жомарт
Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – 2024.
Бұл
жұмыс, ең алдымен, энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында жүргізілуге
тиіс.
Қазір
энергия өндіретін жаңа нысандар салу үшін берілетін несие шарттарын қолайлы деп
айта алмаймыз. Сондықтан Үкімет қаржы институттары арқылы ұзақ мерзімге
арналған қолжетімді несие беру жолдарын ойластыруға тиіс.
Мемлекеттің
ұзақ уақытқа арналған нақты тариф саясаты, яғни тиісті жоспары болуы керек. Бұл
– осы салаға "ұзақ мерзімге инвестиция тартудың" негізгі шарты.
Алайда тұтынушыларға арналған тарифтің орынсыз өсуіне жол беруге болмайды.
Энергетика
және коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жыл соңына
дейін бекіту керек. Коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру –
өте өзекті мәселе.
Келесі
жылдан бастап нақты ережелер енгізілуге тиіс. "Көп тұтынсаң – көп
төлейсің" қағидатын басшылыққа алу қажет. Алайда тұтынушылар жеке
монополистердің шырмауында жалғыз қалмауға тиіс
барлық дауыс: 5441
дауыс мұрағаты