Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 04.09.2024
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің
орынбасары Қанат Бозымбаев энергетика және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту,
су ресурстарын тиімді басқару және өңірлік теңгерімді саясатты дамыту жайында
баяндады.
Вице-премьердің айтуынша, әр өңір бойынша
қолданыстағы энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның жағдайын зерттеу
үшін ауқымды талдау жүргізілген.
Аталған талдауға сәйкес сумен жабдықтайтын 13
кәсіпорында және 24 су бұру кәсіпорындарында желілердің ағымдағы тозуы 70%-дан
100%-ға дейін жеткен.
Осыған байланысты коммуналдық инфрақұрылымның тозуын
50%-ға дейін төмендету үшін:
- сумен жабдықтау бойынша 5,3 мың шақырым желіні
жаңғырту үшін шамамен 900 млрд теңге;
- суды бұру бойынша 3 мың шақырым желіні жаңғырту
үшін 1,3 трлн теңгеден астам қажет.
Ұлттық жобаның инвестициялық тартымдылығы үшін,
тарифтік әдіснамаға қажетті өзгерістер енгізілетін болады.
«Қаржы институттары мен инвесторларға тиісті
тарифтердің қажетті деңгейлеріне және инвестициялар мен қарыздарды қайтаруға
кепілдік беруге мүмкіндік беретін үкіметтік және ведомстволық актілерді
қабылдау ұсынылады. Инвестицияларды қайтару кепілдігін нығайту үшін қаржы
институттары, қарыз алушы және реттеуші орган арасында 3 жақты келісім
жасалынады», — деп мәлімдеді Қ. Бозымбаев.
Бұл ретте Мемлекет басшысының тапсырмасын ескере
отырып, тұтынушылар үшін негізсіз өсімге жол бермеу бөлігінде әрбір табиғи
монополия субъектісі бойынша тариф есептелетін болады.
Жыл соңына дейін түрлі коммуналдық қызметтерді
тұтынудың бекітілген әлеуметтік нормалары бойынша кеңейту көзделеді. Яғни,
оларда жеке тұлғалардың тұтынуы үшін ресурстардың объективті қажетті көлемі
ескерілетін болады. Егер бекітілген нормалардан артық тұтынылған жағдайда
тарифтер мен бағалар сараланады.
Су кодексінің жобасы шеңберінде су саласындағы
тарифтік саясатты жедел реформалау мақсатында суармалы су қызметі бойынша
тарифтік реттеуші функциясын Ұлттық экономика министрлігінен Су ресурстары және
ирригация министрілігіне беру көзделіп отыр.
барлық дауыс: 5153
дауыс мұрағаты