Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 16.09.2024
Шымкент қаласының сарқынды суларды тазалау кешенінде 2024-2025 ж.ж. күзгі-қысқы мезгіліне дайындық кестеге сай жүргізілуде. Айта кетуі керек, кешен жаз мезгілінде 150 мың текшеметр сарқынды суларды қабылдаса, қыс мезгілінде бұл көрсеткіш 200 мыңға дейін артады. Себеп, шаһардың жауын-шашын суы кәріз жүйесімен кешенге келеді. «Су ресуртары-Маркетинг» ЖШС-і әкімшілігі кешеннің штаттық режимде толық жұмыс жасауы үшін түзілген іс-шара жоспарын қатаң бақылауда ұстайды. Шара аясында, газ құбырлардың желілері қапталып, барлық кешеннің сарқынды суларды өңдеу нысандары тотықпау үшін боялуда. Жасыл желекті суару жүйесінде су қатпас үшін құбырлар арнайы материалдармен оралады.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.6%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.4%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.0%
барлық дауыс: 5151
дауыс мұрағаты