Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 20.09.2024
Кәсіпорынның
балансындағы су құбыры желілеріне қызмет көрсететін "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС пайдалану қызметтерінің мамандары әбден тозығы
жеткен ысырмаларды, бекіту арматурасын ауыстырылуда.
Ескі өрт гидранттары да жаңалануда. Іс-шаралар жоспарлы күрделі жөндеу
шеңберінде атқарылады.
Жалпы алғанда, 2024
жылы 155 Ысырма ауыстырылады. Бұл кәсіпорын ұсынатын қызмет сапасын жақсартада
және су желілерінде авариялық жағдайлардың туындау қаупін азайтады. Сонымен
қатар, жоспарлы түрде 90 өрт гидранты ауыстырылады. Маңызды құрылғылардың саны
мен орналасқан жері Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен
салыстырылады. Осы екі бағыт бойынша жұмыстардың толық аяқталуы қыркүйек айының
соңына жоспарланған.
Айта кетейік, халық
қолайсыздықты сезінбеу үшін ысырмалар мен өрт гидранттарын ауыстыру түнгі
уақытта жүргізіледі. Түнгі уақытта ауыз судың өшірілуі туралы кәсіпорынның
әлеуметтік желілердегі және БАҚ-тағы аккаунттары арқылы ескертіледі







