Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 23.09.2024
Күзгі-қысқы кезеңде шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерге су тұтыну азаяды.
Осыған байланысты су өндіру төмендейді. Сорғы станцияларының жұмыс параметрлері
өзгереді және жалпы тарату жүйесіне жүктеме азаяды. Су берудің қысқы режиміне
бірқалыпты көшу, сапалы және үздіксіз қызметтерді қамтамасыз ету үшін "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандары сорғы станцияларында, қысым
реттегіштерінде және өлшеу аспаптарында кешенді жоспарлы жұмыстар жүргізді.
Сумен жабдықтау желілерін, су өлшегіш тораптарды, құдықтар мен камераларды
оқшаулау бойынша жұмыс аяқталуға жақын. Бекіту арматурасын, тарату тораптарын
және суды есепке алу аспаптарын толық герметизациялау қамтамасыз етіледі. Бұл
жұмыстар жоспарлы жүргізіледі. Аяз кезінде сумен жабдықтау жүйелерінің сенімді
жұмыс істеуін қамтамасыз ету өте маңызды.
Арман Болатбеков, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС ОДҚ бастығы:
-
Қазіргі
таңда күз мезгілінің келуіне байланысты, біздің су көлемінің тұтылуы азаюына
байланысты «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і қысымды ретттеу мәселесін қолға
алып, қазіргі таңда бітірдік. Күзгі-қысқы режимге өткізу. Суды тұтыну көлемі
азайғаннан кейін артық қысымды қысқарту керек. Өйткені артық қысым апатты
жағдайларға алып келеді. Судың артық шығынын болдырмау, апаттың алдын алу, осыған
байланысты судың қысымы реттелуі керек. Қазіргі таңда біз қысқы режимге толық
реттеп бітірдік.
Өз кезегінде, көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына ғимараттардың қысқы
кезеңге дайындығын тексеруді ұсынамыз. Жертөле бөлмелерінің оқшаулауын,
кіреберістердің әйнектелуін және есіктердің жарамдылығын тексеру қажет.
барлық дауыс: 5696
дауыс мұрағаты