Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 30.09.2024
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не
"Қызылорда су жүйесі" МКК басшысы Абатов Жасұлан Уәлиұлы,
Өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Сырманова Маржан Сейтханқызы, сумен
жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану бөлімінің бастығы Шағырбаева Нұргүл
Әбдікаппарқызы келді.
Әріптестерді екі бағыт қызықтырды: Шымкент тазарту
құрылыстары кешенінің жұмысы (әсіресе "Айдро процесс" технологиясы)
және "Silkopren 500"қондырғысының көмегімен ауыз суды зарарсыздандыру
процесі.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандары
қызылордалықтарды өндірістік процестермен таныстырып, барлық қажетті
түсініктемелер берді. Қонақтар Шымкенттің тазарту кешені мен зарарсыздандыру
станциясына барды. Кәсіпорындар арасындағы кәсіби байланыстар үнемі сақталатын
болады.
Айта кетейік, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС
базасында қазақстандық Су Қауымдастығының (оның мүшелері елдің барлық сумен
жабдықтау және су бұру кәсіпорындары болып табылады) беруімен тәжірибе алмасу
бойынша ауқымды семинар өткізу жоспарлануда. Оның ішінде, "Айдро
процесс" технологиясын қолдануды зерделеу болады.
барлық дауыс: 5050
дауыс мұрағаты