русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 02.10.2024

Қарттар күні орай, ұйымдастырылған кездесуде бір-бірін көптен бері көрмеген, кәсіпорын еңбек ардагерлері үшін тосын сый болды. 

Ескі достарды көру әрқашан қуаныш! Жылы шуақты күнде "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де жұмыс істеген зейнеткерлер басты қонағы болды. Кәсіпорындағы ардагерлерге тек мереке күндері ғана құрмет көрсетілмейді, 1 қазан олар үшін ерекше күн.

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директорының орынбасары Жанатбек Тұрдалиев:

Басшымыз, Анарбек Оңғарұлының арқасында біліктілігінің арқасында үлкен маман, үлкен жүректілігінің арқасында осынша дәрежеге жетіп отырмыз. Осының барлығына бірте-бірте сатысымен бізді үлкен компания дәрежесіне жеткізіп отыр. Ал енді ол дәрежеге жету үшін Сіздердің атқарған еңбектеріңіз өте зор.

Бұл жандардың көпшілігі сумен жабдықтау және су бұру жұмыстарына көп жылдар еңбек етті.  Олардың арқасында шымкенттіктер дәмді және таза су тұтынуда. Сәуле Мырзахметова мекемеде инспетор қызметінен бастаған. Осы күні ол әріптестерін көргеніне өте қуанышты.  

Сәуле Мырзахметова зейнеткер:

Инженер болдым. 20 жыл қызмет жасадым. Су арансына өте ризамын. Осыншама жыл халыққа су беріп, қызмет беріп, рахмет. Су қызметкерлерінің барлығына бақыт берсін, ғұмыр берсін. Еңбектерінің жемісін берсін. Бүгін бізді қадірлер, қастерлеп, дастархан жайып, күткендері үшін үлкен-үлкен алғыс!

Жалпы кездесуге қатыса алмағандарға кәсіпорын кәсіподағы тікелей үйлеріне сыйлықтар мен құттықтауларын жеткізді. Еңбек ардагерлерінің ешқайсысы ұмытылған жоқ. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нен  зейнеткерлікке шыққан 155 қызметкерге азық-түлік жиынтығы тарту етілді.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары