Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 09.10.2024
Түркістан облысының су объектілері бойынша танысу сапары барысында Шымкент
қаласының тазарту құрылыстары кешеніне ҚР Су ресурстары және ирригация
министрлігінің "Арал-Сырдария су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану
жөніндегі бассейндік инспекциясы" РММ бастығы Қайратбек Сәрсенбаев келді.
Ол тазарту құрылыстары кешеніндегі және тазартылған ағынды сулар сақталатын
Бөржар жинақтағыштағының жай-күйімен танысты. Жалпы алғанда, жылына 37 миллион
текше метр тазартылған ағынды сулар диск арқылы өтеді. Сәрсенбаев мырза бұл
суды техникалық дақылдарды суару үшін қайта пайдалану фактісіне тәнті болды.
Құрғақ аймақта осы көлемнің арқасында 7 мың гектардан астам жер суарылады! Бұл өте пайдалы тәжірибе, оны Қазақстанның
басқа қалаларында да пайдалану қажет.
Қайратбек
Сәрсенбаев, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы:
«Бөржар су қоймасына келіп, 37 млн. қаланың лас сулары келетін болса соны
тазартатын мекеме екеніне көзіміз жетті. Енді айта кету керек, қазіргі уақытта
Президенттің алға қойып отырған мақсаты, мынау суды үнемді пайдалану, қайта
пайдалану, айналымды пайдалану деген мәселенің бірден-бір үлгісі екеніне
көзіміз жетіп отыр. Шындығына келгенде мұнда зорасан зор үлкен технологиямен
жұмыстар жүріп жатыр. Польша, Қытай технологиясын пайдаланып, осы Шымкент
қаласының лас суларын әрі қарай ауылшаруашылығы мақсатында пайдаоанып отыр
екен. Бұл келешегі бар жұмыс деп есептейміз. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасындағы
барлық қалалардан семинар өткізгелі отыр жақын күндері. Бұл біздің мына су
тапшылығы заманында суды қайта пайдалануға ең қажетті шара деп білеміз. Көп
жерлерде суды қалай пайдаланып жатыр, өзендерге сол күйі тастап жатқандары да
белгілі. Ал мынау атқарылып жатқан жұмыс біздің саланың, су саласы
қызметкерінің басты міндеті болмақ».
барлық дауыс: 5153
дауыс мұрағаты