Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 15.10.2024
Қазақстандық Су
Қауымдастығының бастамасымен "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандары
мен Қазақстанның су арналары өкілдері арасында тәжірибе алмасу өтті. Шымкентке
Астана, Қостанай, Бурабай, Шу, Қызылорда және Түркістаннан мамандар келді.
Оларды Шымкент кәсіпорны жұмысының көптеген аспектілері қызықтырды. Тазарту
құрылыстарының кешеніне және айдро процесінің биотехнологиясын қолдануға ерекше
назар аударды. Асқар Қайратұлы, Шымкентке Жамбыл облысынан келді. "Шу ауыз
су" МКК директоры "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не алғаш рет келіп отыр. Шымкенттік
әріптестерден үйренетен көп, оңтүстікте
сумен жабдықтау және су бұру саласында озық технологияларды енгізуден және іске
қосуда батыл
екен-дейді ол.
Асқар Қайратұлы,
"Шу ауыз су" МКК директоры:
- Өте, өте керемет! Өйткені, қазір Шу
қаласында жақын маңда орналасқан себепті жағымсыз иіс экологияға тигізіп жатқан
залалы, соның барлығының түбегейлі шешімі осы КОС екеніне көз жеткізіп
жатырмыз. Өте керемет.
Шымкент тазарту
құрылыстары кешені көптен бері көптеген қазақстандық су арналары үшін үлгі
болып келеді. Кешеннің жоғары энергетикалық шығындарын жабуға мүмкіндік беретін
жоғары технологиялық, ағынды суларды сапалы тазарту және биогаз қондырғысын
қолдану.
Сержан Асанханұлы, Қазақстан
су арналарына
жобалаушы:
-Мен мұндай нәрсе күтпедім. Таң қалып
тұрмын. Осындай водоканал Қазақстанда бар екеніне. Өзім бірінші рет көріп
тұрмын. Мен Қазақстанда 2-3 водоканалда болдым. Олармен салыстыруға келмейді.
Мамандары кез-келген сұрағыңа жауап береді. Барлық жүйесі қойылған орнына.
Маман таппай, сұрақтарға жауап таппай, ондай
вопростар болмай жатқан жоқ та. Производствасы, барлығы да жақсы
қойылған деп ойлаймын. Соңғы технологиямен. Еще адамдар мұнда дамуға тырысып,
технологияларды жаңғыртуға тырысып жатыр.
барлық дауыс: 5157
дауыс мұрағаты