Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 22.10.2024
Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл басынан
бері 63 гидротехникалық құрылыста көп факторлы зерттеу жүргізді. Нұржан
Нұржігітов министрліктің аппарат кеңесінде су тасқынына дайындық жұмыстарын
пысықтады.
Көп факторлы зерттеу - нысандарды қауіпсіз
пайдалануды қамтамасыз ету және апаттардың алдын алу үшін жүргізіледі. Бүгінгі
таңда министрлік мамандары «Қазсушар» филиалдары мен жергілікті атқарушы
органдарға анықталған кемшіліктерді жою, жөндеу жұмыстарын жүргізу және
мемлекет меншігіне қайтару бойынша өз қорытындыларын берді.
Ведомство жыл соңына дейін тағы 19 нысанда көп
факторды зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр. Айта кету керек, жаңа Су кодексінің
жобасына сәйкес, елімізде гидротехникалық нысандар әр 5 жыл сайын көп факторлы
зерттеуден өтуге міндеттеледі.
барлық дауыс: 5170
дауыс мұрағаты